Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов "Ақтау теңіз сауда порты "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Түрікпенбаевпен кездесті.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А. Смайылов "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағының құрамына "Баутино" жүк ауданын қосып, Ақтау теңіз сауда портын АЭА қатысушысы ретінде тіркеу мәселесі бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Тапсырмаларды тиімді іске асыру және бірлескен жұмысты ұйымдастыру мақсатында, бүгін "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов "Ақтау теңіз сауда порты "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) А.Н. Түрікпенбаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірлескен іс-шараларды айқындап, порттың АЭА құрамына кіруін ескере отырып оны дамыту перспективаларын, "контейнерлік хабты" құру бойынша жоспарларды талқылап, порттарды, оның ішінде логистикалық қызметтерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тығыз өзара байланыс пен іс-шараларды жузеге асыруға бағытталған жол картасын әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 163